Командалық кеме құрамы тұлғаларын аттестациялау
Бұл мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы толығырақ: adilet.zan.kz
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы мәліметтер
- Иесі
- Республиканское государственное учреждение «Комитет транспортного контроля Министерства транспорта Республики Казахстан»
- Тізілімдегі көрсетілетін қызмет коды
- 01103005
- Платформадағы көрсетілетін қызмет коды
- C10-05
- Көрсетілетін қызмет сипаттамасы
- Мемлекеттік қызметті Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары көрсетеді. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі: Өтінім берген кезде көрсетілетін қызметті алушының: жеке басын куәландыратын; медициналық комиссияның кемедегі жұмысқа жарамдылығы туралы қорытындысы; жүзу өтілін растайтын; жоғары немесе орта білімнен кейінгі білім туралы (диплом) құжаттар туралы мәліметтер тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алынады. "Электрондық үкімет" веб-порталына: 1) кәсіби диплом: осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық – цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; жоғары немесе орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттың (дипломның) электрондық көшірмесі (егер құжат 2019 жылға дейін берілсе ұсынылады); жүзу өтілін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (Қазақстан Республикасында тіркелмеген ұйымдарда жұмыс істеген жағдайда және бірыңғай есепке алу жүйесінде еңбек шарттары болмаған жағдайда ұсынылады); медициналық комиссияның кемедегі жұмысқа жарамдылығы туралы қорытындысының электрондық көшірмесі ("Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) 073/е нысаны бойынша медициналық анықтама) (Амбулаториялық-емханалық көмек ақпараттық жүйесінде болмаған жағдайда ұсынылады); 2) кәсіби дипломның телнұсқасы: осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.
- Қызмет көрсету мерзімі
- 5 күн
Негізгі сервис
Көрсетілетін қызмет құрамы
Көрсетілетін қызмет құрамы көрсетілмеген